$ 518.97  607.3  6.64

Перизат Қайрат ісі бойынша сот жабық өтуі мүмкін

Айыпталушылар қатарында оның анасы Ғани Алашбаева да бар.

Фото: instagram.com/01pk
Фото: instagram.com/01pk

Астанада Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау басталды. Ол қайырымдылықты желеу етіп жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айыпталушылар қатарында оның анасы Ғани Алашбаева да бар. Тергеу нұсқасына сәйкес, анасы қызына қайырымдылық қаражатын жымқыруға және жұмсауға көмектескен. Екеуі де журналистердің қатысуына қарсы шығып, соттан бейнетүсірілім жүргізуге тыйым салуды сұрады.

Сонымен қатар процесті жабық режимде өткізу туралы да өтініш білдірілді. Перизат Қайраттың айтуынша, іс материалдарында банк деректері сияқты көптеген жеке мәліметтер бар. Судья шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Бұған дейін апелляциялық сот Перизат Қайрат құрған Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін тарату туралы шешімді күшінде қалдырған еді.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғани Алашбаева Қазақстан азаматтары мен ұйымдарынан жиналған 3,5 млрд теңгені — мүгедек балаларға, су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстардан зардап шеккендерге көмектесеміз деп жинаған қаржыны жымқырды деп айыпталуда. Тергеу нұсқасына сай, қайырымдылықтан түскен қаражаттың басым бөлігі жылжымайтын мүлік пен қымбат заттар сатып алуға жұмсалған. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі іс бойынша егжей-тегжейлі мәлімет ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары