$ 518.97  607.3  6.64

«Сүйегі сынып, миы шайқалған»: Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Оқиға облыстағы тас жолдардың бірінде болған. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Кеше, 8 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады. Қазір шенеуніктің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Салдарынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған. Әзірге тас жолдағы қайғылы оқиғаға қатысты мәліметтердің барлығы осы.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Масабаев есін жиды, жағдайы тұрақты. 

"Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың жағдайы тұрақты. Шенеунік ауруханада жатыр. Медициналық көмек белгіленген хаттама бойынша көрсетіледі", – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары