09.07.2025, 16:30

Перизат Қайрат тергеу кезінде қысым мен соққыға ұшырағанын айтты

Фото: желіден алынды

“Маған бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы берген жоқ”.

Астанадағы сот отырысы басталар алдында айыпталушы Перизат Қайрат тергеу барысында өзін соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Бұл заңсыз — [соққыға жығу]. Қала прокуратурасынан сұрасаңыздар болады, бәрі ЕҚДБ-де тіркелген, іс қозғалды” — деді Қайрат журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ ол анасын алғаш рет бүгін ғана көріп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, күдікті мәртебесі оған 18 наурызда берілгенімен, осы күнге дейін қоғамдық қорғаушыларды тағайындамаған.

“Маған бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы берген жоқ”, — деп атап өтті айыпталушы.