09.07.2025, 17:30

«Абыройымды төкті»: Перизат Қайрат сот алдында ағынан жарылды

Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Үзіліс кезінде айыпталушы адвокаттарына сот процесінің талаптарына байланысты журналистерге өз ұстанымын ашық айта алмайтынын жеткізді.

Biz Birgemiz Qazaqstan қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі межрайондық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үзіліс кезінде айыпталушы адвокаттарына сот процесінің талаптарына байланысты журналистерге өз ұстанымын ашық айта алмайтынын жеткізді.

“Сотқа дейін мен туралы не айтпады?! Дәлелденбеген нәрселерді де жариялап, бәрін бұрмалап көрсетті. Менің абыройымды төкті. Үйді тінтуге қатысты да дәлел жоқ, бірақ халыққа басқаша жеткізді. Қазір журналистерге толық жауап бергім келеді, бірақ «бап бұзылады» дейді. Әлі сот отырысы да болған жоқ, сондықтан жариялауға құқым жоқ” – деді ол адвокаттарына.