09.07.2025, 18:00

Қорғаныс министрлігінің полковнигі әйел зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Pixabay

Астана полиция департаменті 47 жастағы елорда тұрғынының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Астананың 47 жастағы тұрғыны полицияға арыз түсіріп, танысын өзін зорлады деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті — Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник. «Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады «Ордаға» елордалық ПД. 

Бұған дейін Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталған болатын.