$ 518.97  607.3  6.64

«Жағдайы ауыр»: Ақтөбе облысына қарасты ауылдардың бірінің әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Мұны денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған жағдай 7 шілде күні болған. Оқиғаны Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев хабарлады. Оның айтуынша, шенеуніктіі әйелі жағдайдың алдын алған. 

"Осыдан кейін бірден ауыр халде ауруханаға түсті. Оған не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке мәселе", – деді Шүйіншалиев.

Зардап шеккен әкімнің жағдайы тұрақтанған.  Мұны денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары