$ 520.93  609.07  6.68

Павлодар облысында көлік жүргізушісі бензинге тұншығып қайтыс болды

8 шілдеге қараған түні "Павлодар-Қызылорда" автожолында жазатайым оқиға болды.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Ер адам бензинді құтыға құйып алмақшы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысы Береке және Төрт құдық ауылдарының арасында көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

8 шілдеге қараған түні "Павлодар-Қызылорда" автожолында жазатайым оқиға болды.

"Береке және Төрт құдық ауылдарының арасында MAN маркалы көлігінің автоцистернасында жүргізуші қайтыс болды. Ер адам бензинді құтыға құйып аламын деп цистернаға құлап кеткен деген болжам бар", - дейді ведомстводағылар.

Полицияның айтуынша, көлік жүргізушісі өз көлігіндегі бензинге тұншығып қайтыс болған. Яғни, ер адам автоцистернаның жүргізушісі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары