Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды қаласындағы Төлепов және Жилстроевская көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қосалқы жолмен қозғалып келе жатып, басымдыққа ие Lada Granta автокөлігіне жол бермеген. Сол сәтте жүк көлігі жеңіл көлікке соқтығысқан.
Қарағанды облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бекзат Сәулембаев жол апатына қатысты түсініктеме берді.
Апат салдарынан Lada Granta көлігінің 25 жастағы жүргізушісі қаза болды. Ал оның жолаушысы ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды, - дейді басқарма бастығының орынбасары.
Қарағанды облысының Полиция департаменті тағы бір мәрте барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.