$ 520.93  609.07  6.68

Солтүстік Қазақстанда әйелін балағаттаған ер адам қамауға алынды

Тергеу кезінде С. кінәсін мойындап, әйелімен сөзге келіп қалғанын және ашу үстінде балағаттағанын айтқан. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Сот барысында анықталғандай, азамат С. бұған дейін де отбасылық жанжал кезінде әйелін тілдеп, сол үшін жауапқа тартылған. Алайда арада бір жыл өтпей жатып, ол тағы да үйінде дау шығарып, әйеліне ауыр сөздер айтқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық соттың мәліметінше, әкімшілік іс Қызылжар аудандық сотында қаралған.   

 Тергеу кезінде С. кінәсін мойындап, әйелімен сөзге келіп қалғанын және ашу үстінде балағаттағанын айтқан.

Сот оның кінәсі тергеу материалдары, әкімшілік хаттама және бұрынғы жазалары арқылы толық дәлелденгенін атап өтті. Нәтижесінде ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар оған алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары