$ 520.93  609.07  6.68

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жасөспірім өлі табылды

Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.

"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан астам адам – Алматы қалалық құтқару қызметінің (109), республикалық жедел-құтқару жасағының, ТЖД, шекара қызметінің, полиция мен еріктілердің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары