Ол ашық айтып, өз TikTok-ында видеолар жариялай бастаған.
Ұлытаулық белсенді Әсел Айтмағамбетова өңірдегі әлеуметтік мәселелерді көрсететін видеороликтер жариялаған соң, әкімдікпен «қырғи-қабақ» болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті билікті сынағаны үшін оған әкімшілік іс қозғалып, сот оны қомақты айыппұл төлеуге міндеттеді.
2025 жылдың 21 мамырында Әсел Айтмағамбетова Қостанайдан Жезқазғанға көшіп келген. Оның айтуынша, қаладағы жағдайды көргенде шок болған.
«Қала XIX ғасырда қалғандай. Су лай, сүзгіден өтпейді. Адамдар ауырады, онколог мүлде жоқ. Жол да жоқ. Бәрі соғыс өткен сияқты қираған. Мені Жезқазғандағы шындықты көрсеткенім үшін айыптады. Бұл қала Қазақстандағы ең бай қалалардың бірі деп ресми есептеледі. Бірақ жұмыссыздық, жұмысқа тұру үшін пара — бәрі бар», — дейді Әсел.
Ол ашық айтып, өз TikTok-ында видеолар жариялай бастаған.
Жергілікті тұрғындардың күнде қандай қиындық көретінін көрсеткен.
Солардың бірінде Жезқазғандағы облыстық көпбейінді аурухананың жағдайын көрсеткен.
Ал 18 маусымда оған облыстық полиция департаментінің тергеушісі хабарласып, «түсіндіру үшін» бөлімшеге шақырған.