$ 525.87  614.37  6.72

«105 миллион жоқ болды»: Перизат Қайрат ісінде шоттан-шотқа аударылған миллиондар сотта әшкереленді

Прокурорлар фестивальдерді ұйымдастыруға жиналған қаржының қайда кеткенін атап өтті. 

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Бүгін, 2025 жылғы 14 шілдеде елордалық сотта «BIZ BIRGEMIZ» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотта олардың миллиондаған теңгеге жасаған шығындары жария етілді Іс материалдарында қайырымдылық қоры басшысының Central Asia Fest және Almaty Uni фестивальдеріне деп жиналған 105 миллион теңгеден астам қаражатқа байланысты эпизод та бар.

Айыптаушылардың айтуынша, бұл фестивальдер мүлде өткізілмеген.

Прокурорлар фестивальдерді ұйымдастыруға жиналған қаржының қайда кеткенін атап өтті:

13 200 000 теңге «Forte Bank»-тегі есепшоттан қолма-қол алынған;

19 715 000 теңге қоғамдық ұйымның (ҚҰ) есепшотынан жеке есепшотқа аударылған;

28 160 000 теңге ҚҰ есепшоттары арасында аударылған;

ҚҰ есепшотынан 4 439 340 теңгеге 9 000 еуро сатып алынған;

44 576 985 теңге «Biz Birgemiz fest» ұйымдастыруға және жеке қажеттіліктерге (көлік жалдау және т.б.) жұмсалған;

21 182 426 теңге Перизат Қайраттың жеке қажеттіліктеріне кеткен (оның ішінде 9 859 426 теңге жеке және басқа тұлғалардың есепшоттарына аударылған,

11 324 000 теңге қолма-қол алынған);

577 000 теңге жеке есепшоттарға аударылған,

7 128 500 теңге қолма-қол алынған,

3 290 000 теңге стоматологиялық қызметтерге төленген;

4 692 100 теңге жеке есепшоттарға аударылған,

13 600 000 теңге қолма-қол алынған;

37 113 000 теңге Гайни Алашбаеваның жеке есепшотына қолма-қол ақша енгізу және Перизат Қайраттан аударымдар арқылы түскен, бұл қаражатты Алашбаева өз қалауы бойынша жұмсаған;

3 030 000 теңге Перизат Қайраттың есепшотынан Алашбаеваның есепшотына аударылып, сол күні қолма-қол алынған.

Еске сала кетейік, бүгін сотта айыптау тарабы «BIZ BIRGEMIZ» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға тағылған айыптарды жария етті. Прокурорлардың мәліметінше, қаражат жымқырудың бір эпизоды «Батыр» ҚҚ атынан оңалту орталығын салу желеуімен жасалған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары