Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Астанада жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесі бойында маршруттық автобус шатырының жануы орын алды. Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, өрт орнына шығу, өртті барлау, күштер мен құралдардың қанатын жаю, сондай-ақ жануды сөндіруге ТЖМ-нің кәсіпқой командасына небәрі 9 минут қажет болды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.