$ 526.5  611.64  6.72

«Абай облысы шұғыл қолдауды қажет етеді»: Премьер-министр Үкіметке қатаң тапсырма берді

"Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз".

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Абай облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштері көңіл көншітпейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкімет отырысында Премьер-министр өңірдің дамуы баяулап қалғанын айтып, жағдайды түзету үшін министрліктерге нақты тапсырма берді.

“Абай облысын қолдау керек. Бұл — жаңа құрылған өңір. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз. Мұны ескеріп, қаржыландыруды арттырып, жан-жақты көмектесу қажет” — деді Премьер-министр.

Ол өңір әкімі Берік Уәлиден ахуалдың себебін сұрап, Үкімет мүшелеріне дереу шара қабылдауды жүктеді.

Айта кетейік, отырыста Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасының өсімі 6,2% болғанын, инфляция жылдың соңына дейін 10%-ға дейін төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, тарифтердің жоспарлы өсуі туралы да пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары