$ 526.5  611.64  6.72

«Әлі де қуатым жеткілікті»: 92 жастағы президент тағы ел тізгінін ұстамақ

Бия көпұлтты ел азаматтарының өтінішіне құлақ асып, тағы жеті жылға президент болуға дайын екенін мәлімдеді. Сайлау қазан айына жоспарланған.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Камерунды шамамен 43 жылдан бері басқарып келе жатқан 92 жастағы президент Пол Бия сегізінші рет мемлекет басшысы болуға ниет білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Халқымның аманатына адал қызмет етуге әлі де қуатым жеткілікті. Алда атқарар шаруа аз емес», – деп жазды ол жексенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бия көпұлтты ел азаматтарының өтінішіне құлақ асып, тағы жеті жылға президент болуға дайын екенін мәлімдеді. Сайлау қазан айына жоспарланған.

Алайда, ел ішінде оның денсаулығына күмән келтіретіндер аз емес. Өйткені былтыр ол алты апта бойы көпшілік алдына шықпаған соң, қоғамда оның ауыр сырқаттанғаны немесе өмірден өткенін айтып, түрлі қауесет тараған еді.

Яунде көшелерінде сауалнама жасаған кезде жұрттың көбі ашық пікір білдіруден қашқақтады. Кейбірі есімдерін атамауды сұрап, «92 жастағы адамның ел басқаруға қабілеті қалды ма?» деген сұрақ көкейлерін күпті ететінін жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары