$ 532.74  617.23  6.77

Ақтөбеде әскери оқу орнының курсанты оқыс жағдайда қаза тапты

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Фото: Ростех
Фото: Ростех

Оқиға 15 шілде күні болды. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген. Сол кезде алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- Алдын ала ақпаратқа сәйкес секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға себеп болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі,- деп хабарлады ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары