2022 жылы Түркиядағы (Бурса) «Коркыт Ата» фестивалінде «Ақ боз үй» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам» номинациясын жеңіп алды.
Театр мен кино өнерінің көрнекті тұлғасы Қайрат Кемалов 69 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Ол Қарағанды облысының Ақтүбек ауылында 1957 жылы дүниеге келген.
Кеңес дәуірінің және қазіргі Қазақстанның театр және кино актері; 2006 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы, театр факультетін тәмамдаған.
1978-1980 жж. – Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өнер көрсеткен.
1980 жылдан бастап Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет етеді
Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы театр сахнасында Кемалов классикалық және заманауи пьесаларда ойнады:
«Қазақ хандығы» сериялы фильмі (2016, 2019): Керей хан рөлінде бағаланды.
«Ақ боз үй» (2019): Смағұл Елубайдың романы негізінде түсірілді. Кемалов мұнда Пахраддин бидің рөлін сомдап, халықаралық деңгейде танылды.
2022 жылы Түркиядағы (Бурса) «Коркыт Ата» фестивалінде «Ақ боз үй» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам» номинациясын жеңіп алды.
2024/2025 жж., Камерун (YARHA Festival): Пахраддин рөлі үшін тағы бір мәрте «Үздік ер адам» атағын жеңіп алды.