Айқас 19 шілде күні өтеді.
Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы аса ауыр салмақтағы украиналық боксшы, қазіргі чемпион Александр Усикке алдағы жекпе-жек алдында қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазақ стилі» лақап атымен танымал Әлімханұлы Усикке Ұлыбританиялық Даниэль Дюбуаға қарсы өтетін абсолютті әлем чемпионы атағы үшін болатын айқаста сәттілік тіледі.
«Усик – нөмір бірінші боксшы! Ол – аңыз! Оған сәттілік тілеймін! Бұл оның қолынан жеңіл келетін іс!» – деп жазды қазақстандық чемпион X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Айқас 19 шілде күні өтеді.
Абсолютті чемпион атағына арналған бұл реванштық кездесу 2024 жылдың 19 шілдесінде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді.
Қазіргі уақытта Усик мына бес чемпиондық белбеудің иегері:
WBC
WBO
WBA
IBO
The Ring
Ал қарсыласы Даниэль Дюбуа – IBF нұсқасы бойынша чемпион.
Еске сала кетейік, екі боксшы 2023 жылы алғаш рет кездесті, сол кезде Усик тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.