17.07.2025, 17:30

1,3 млрд теңгенің есебі берілмеген: Перизат Қайрат қоры жанжалдың ортасында

Фото: Видеодан алынған кадр

Дегенмен, кейбір донорлар қаржының қайда жұмсалғаны туралы есеп көрмегенін айтты.

Астанадағы сотта Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына жиналған қаражаттың көлемі жария болды. Банктер, бизнес өкілдері мен қарапайым азаматтар бұл қорға 1,3 миллиард теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Kaspi Bank — 620 млн теңге  Jusan Bank — 300 млн теңге  Асар-Үме (Палестинаға арналған жинақ) — 200 млн теңге  «Стройконструкция» АҚ — 200 млн теңге  MM Group Development — 10 млн теңге (GGG қолғаптары сатылған аукционнан түскен)  НИШ (оқушылардың ата-аналары) — 901 855 теңге  Алматы Тазалық — 3 млн теңге

Дегенмен, кейбір донорлар қаржының қайда жұмсалғаны туралы есеп көрмегенін айтты. Әсіресе, Jusan Bank пен Асар-Үме өкілдері қордың ашықтығына күмән келтірді.