$ 526.5  611.64  6.72

Қарағандыда ер адам медбикені 20 минут сабап, шашын жұлып, миын шайқалтты (ВИДЕО)

Зардап шеккен медбикенің анасының айтуынша, оқиға 16 шілде күні болған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағандыда ер адам жекеменшік медициналық орталықтардың бірінің қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зардап шеккен медбикенің анасының айтуынша, оқиға 16 шілде күні болған. Ер адам медбике отырған қызметтік кабинетке кіруге әрекеттенген. Бірақ ол кабинетке тек қызметкерлерге ғана кіруге рұқсат етілгендіктен, оған жол берілмеген. Алайда ол тыйымды елемей, кабинет есігін сындырып кіріп барған.

— Ол қызымды соға бастады, 20 минут бойы ұрды, екі саусағын сындырып жіберді. Миы шайқалған. Қолын тістеп алды. Қызым жылап, айқайлап, жалбарынып: «Мен жалғызбасты анамын, баламды өзім тәрбиелеп отырмын, ұрмаңызшы» деп өтінген. Бірақ ол одан сайын соға берген. Қызымның ұзын шашын қолына орап тартып, жұлып тастады. Басы қан-қан болып қалды. Қазір ол ауруханада жатыр, — деді анасы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медбике жедел нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп бағалануда.

Полиция департаменті күдіктінің жеке тұлғасы анықталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта 42 жастағы ер адам психоневрологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында.

Зардап шеккен медбикенің жұмыс істейтін медициналық орталығы оның ем-дом және оңалту шығындарын өз мойнына алды. Сондай-ақ оған психологтың көмегі көрсетілетін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары