Бас сүйегі мен сол жақ бет сүйегі сынғаны белгілі болды.
Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен оның күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Айзаттың денесі адам танымастай халде болған: басы қанталап, қол-аяғының терісі сыдырылып, беті көгеріп кеткен. Бетін ашқанда бет-аузы қап-қара болып көрінген.
Сондай-ақ, бас сүйегі мен сол жақ бет сүйегі сынғаны белгілі болды.
«Шашы түгел су болған, басы қоқымға толып қалған», – дейді туыстары.
Жақындары қылмысты аса ауыр баппен тергеуді және күдіктінің қатаң жазалануын талап етуде.
Олардың айтуынша, тергеу ісі жеңіл баппен қарастырылып жатыр, сондықтан ер адам жауапкершіліктен оңай құтылып кете ме деп алаңдайды.