Оқиғаға байланысты қызметтік тергеу амалдары басталып кетті.
ҚТЖ мәліметінше, оқиға бүгін, 19 шілде күні кешкі сағат 18:55 шамасында орын алған. Кәмелетке толмаған бала өз еркімен пойыз вагонының төбесіне шығып, жоғары кернеулі тоққа түскен. Нәтижесінде денесін күйік шалып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
Жедел жәрдем бригадасы дереу оқиға орнына жетіп, жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы темір жол нысандарының аса қауіпті аймақ екенін ескертеді. Темір жолға өз бетінше шығу, вагондарға немесе жылжымалы құрамға жақындау адам өміріне өте қауіпті және қайғылы жағдайларға себеп болуы мүмкін.
Оқиғаға байланысты қызметтік тергеу амалдары басталып кетті.