$ 533.61  621.07  6.78

«Тауман Назарбаев емес, менің ұлым»: Нұралы Әлиев Франциядағы қайырымдылық кешке кіммен барғанын түсіндірді (ФОТО)

Кейбір БАҚ оны Тауман Назарбаев деп жазып, қателесті.

Фото: instagram.com/imnurali
Фото: instagram.com/imnurali

Францияда өткен Knights of Charity қайырымдылық гала-кешіне қатысты қазақстандық БАҚ-та тараған жаңалықтар Нұралы Әлиевтің ашуын туғызды. Ол Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасап, журналистердің «қате жазғанын» ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен ешқайда “светиться” еткен жоқпын. Бұл суреттерді өз парақшамда өзім салдым. Сондықтан “засветился” деген сөз орынсыз», — деді ол.

Нұралы Әлиев сол кеште қасында жүрген жас жігіттің кім екенін де нақтылап берді. «Бұл — менің ұлым Алан. Кейбір БАҚ оны Тауман Назарбаев деп жазып, қателесті. Бұл дұрыс емес», — деп жазды ол.

Бұған дейін кейбір басылымдар Франциядағы гала-кештен тараған суреттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылы туған ұлы Тауман жүр деп жазған еді. Айта кетейік, Тауман — Елбасының Асель Құрманбаевамен некесінен туған ұлы екені «Моя жизнь. От зависимости к свободе» атты мемуарында алғаш рет айтылған болатын.

Дәстүрлі қайырымдылық шарасы Франциядағы Круа-де-Гард қамалында өтті. Кешке әлемге әйгілі тұлғалар — Йорк герцогинясы Сара Фергюсон, атақты тенор Андреа Бочелли және әнші Робин Тик қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары