21.07.2025, 21:30

Бангладеште әскери ұшақ мектепке құлап, ондаған адам қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: Zakon.kz

Басым бөлігі — 9 бен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер.

Бангладештің астанасы Даккада әскери-әуе күштерінің ұшағы мектеп пен колледждің кампусына құлап, қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ресми мәліметке сүйенсек, кемінде 19 адам мерт болып, тағы 150-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Олардың басым бөлігі — 9 бен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер.

Дәрігерлердің айтуынша, 70-тен аса адам ауыр күйік және жарақатпен Даккадағы ауруханаларға жеткізілді.

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 12 минут өткенде апатқа ұшырағаны хабарланды.