23.07.2025, 13:00

«Бәрін тоқтаттым»: Желі жұлдызына айналған директор Ақмоншақ Нұртаза мәлімдеме жасады

Фото: qaz365.kz

Директордың бұл сөзіне түсінбеген жұрт пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі сынап жатыр. 

Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жазба қалдырып, оқырмандарды алаңдатып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам???", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Директордың бұл сөзіне түсінбеген жұрт пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі сынап жатыр. 

"Жұрттың сөзін қайтесіз", "Сіз мықты көшбасшысыз, тек қана алға!", "Пауза жасап, күш жинаңыз", "қайт үйіңе, отбасыңа бар", "дұрыс жасапсың", "Не бәле өлдің ау ақша атақ, атың шыққанша, неғылсай жұмысыңды татасай біріңғай блогер бол", "Директор бола білу керек, клоун емес", - деп жазды.