24.07.2025, 11:00

Маңғыстаудағы мектептің шатыры құлады: Қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан скрин

Мектепте 1200-ден аса бала білім алған. 

Маңғыстау облысының әкімдігі Құрық ауылындағы мектеп-гимназияда шатырдың құлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

— Аталған факті бойынша ҚР ҚК 278-бабының 2-бөлігі («Ғимараттарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Маңғыстауда 1200-ден аса бала білім алатын мектептің шатыры опырылып түсті.