Осы көліктің иесі – өзіңсің.
Желіде қайынжұртынан сыйлық алған күйеу бала қызу талқыға түсті. Сыйлықты қыздың анасы тарту етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Сен біздің сүйікті күйеу баламызсың. Осы көліктің иесі – өзіңсің”, – деп кілтті табыстады қыздың анасы.
Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, Ақтөбеде өткен тойда күйеу баласына қыздың ата-анасы автосалоннан су жаңа Lexus ES 250 маркалы көлікті сыйлаған.
Бұл тұста желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қыздың ата-анасын қолдап жатса, енді бірі танымай жатып, күйеу балаға қымбат сыйлық беруге қарсы екендерін жеткізді.
“Құлдықтың бірінші күні”, “Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған”, “Қырылып қалса машина жоқ”, “Келмей жатып, қымбат сыйлық бергені несі”, “Қайынжұрттан машина мінгенше, есек мінген артық”, “Күйеубала мәһрге машина сұраған болар”, – деп жазды көпшілік.