24.07.2025, 13:00

Алматыда жас қыз 7-қабаттан құлап, көз жұмды

Фото: видео скриншот

Болжам бойынша, оқиға бүгін Молдағұлова көшесінде болған.

Алматы жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжам бойынша, оқиға бүгін Молдағұлова көшесінде болған. Шамамен 29 жастағы қыз тұрғын үйдің 7-қабатынан секіріп кеткен.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады, тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себебін және мән-жайын анықтап жатыр, – деді полиция.