24.07.2025, 15:10

Перизат ісінде күтпеген өтініш: Банк өкілі айыпталушының анасына жеңіл жаза сұрады

Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Бүгін Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша сотта тараптардың жарыссөзі жалғасуда.

Перизат Қайрат ісі бойынша сотта тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  Бүгін Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша сотта тараптардың жарыссөзі жалғасуда. Жәбірленушілер мен олардың өкілдері өз ұстанымдарын білдіріп жатыр. Солардың бірі – ForteBank-тің маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким. Ол Перизат Қайраттың анасы – Гайни Алашбаеваға қатысты жазаны жеңілдетуді сұрады.