$ 541.45  631.17  6.78

Перизат Қайрат ісінен кейін қайырымдылық қорларына талап күшейеді

Мұндай шешімге Перизат Қайрат ісі себеп болған.

Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Қазақстанда қайырымдылықпен және қоғамдық көмекпен айналысатын ұйымдарға (ҮЕҰ) қатысты заң өзгереді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Искаков мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, енді ондай ұйымдар қалай жұмыс істейді, олар кімге көмектеседі, қайдан ақша алады және сол ақшаны қайда жұмсайды — бәрі заңмен реттелмек.

– Біз жаңа заң әзірлеп жатырмыз. Онда халыққа көмектесеміз деп ашылған ұйымдардың жұмысы ашық әрі нақты болуы керек. Кім басқарады, қалай есеп береді — соның бәрі көрсетіледі, – деді вице-министр.

Мұндай шешімге Перизат Қайрат ісі себеп болған. Ол өзін қайырымдылықпен айналысамын деп таныстырып, миллиондаған теңге жинап алған.

Сондықтан үкімет енді:
 • қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарға рұқсат (лицензия) керек пе — соны анықтайды;
 • осындай ұйымдарды басқаратын адамдар не үшін жауапты болатынын нақтылайды;
 • халықтан жиналған ақшаның қайда кеткені туралы ашық есеп беруді міндеттейді.

Сондай-ақ, қайырымдылық туралы заңға да өзгерістер болады. Енді ондай ұйымдар халыққа қайда, қанша ақша жұмсағанын БАҚ-та ашық жазып отыруы керек.

Бүгін Перизат Қайрат ісі бойынша сотта жәбірленушілер сөз сөйледі. Сағат 15:00-ге дейін үзіліс жарияланды. Кейін сот жабық түрде жалғасады — айыпталушылар сөйлемек.

Еске салайық, бұған дейін Президент Тоқаев қайырымдылықты сылтау етіп, интернет арқылы халықты алдап жүргендерге қатысты қатаң шара қолдануды тапсырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары