$ 544.87  639.02  6.88

«Енді жалған диплом сатып ала алмайсыз!»: Министрлік бәрін әшкерелейді

1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам диплом цифрлық базаға енгізілген.

Фото: aiqyn.kz
Фото: aiqyn.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі фальшивый диплом дәуірі аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вице-министр Гүлзат Көбенованың айтуынша, енді кез келген жұмыс беруші EPVO жүйесі арқылы дипломның түпнұсқалығын оңай тексере алады.

1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам диплом цифрлық базаға енгізілген.

«Соңғы жылдары берілген дипломдарда QR-код пен сериялық нөмір бар. Сол арқылы адамның шынымен оқыған-оқымағаны әп-сәтте анықталады», – деді вице-министр.

Министрлік сонымен қатар жалған құжат жасағандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары