Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.
Жамбыл облысында төрт адам жол апатынан қаза тапты. Төтенше жағдай 24 шілде күні, сағат таңғы 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан. Сондай-ақ, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.
Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.