Мәселен, Elizabeth II бейнеленген, үстінде кенгуру суреті бар монета 3,1 млн теңгеге, ал айдаһар бейнеленгені 1,2 млн теңгеге бағаланған.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасынан тәркіленген мүліктердің жалпы бастапқы бағасы — 14,8 млн теңге. Электронды аукцион 15 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Лоттар тізімінде:
жалпы құны 139 мың теңге болатын зергерлік бұйымдар мен бижутериялар; 8,6 млн теңгеге бағаланған кәдесый теңгелер мен қаламдар; 6 млн теңгеге бағаланған былғары белдік пен суық қару түрлері бар.Мәселен, Elizabeth II бейнеленген, үстінде кенгуру суреті бар монета 3,1 млн теңгеге, ал айдаһар бейнеленгені 1,2 млн теңгеге бағаланған. Сатылымға 10 қылыш та шығарылған. Ең қымбаты — сары металлдан жасалған және қынабы бар. Сарапшылар оны 1,1 млн теңгеге бағалаған. Тағы бір ерекше лот — екі авторучка. Солардың бірі ұлттық нақышпен безендірілген және 825 сынамалы күмістен жасалған. Оның бағасы — 628 мың теңге.