25.07.2025, 11:10

Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, бірі аударылып қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Астанада Howo маркалы екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бетон араластырғыш көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі жолақ ауыстыру кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Оқиға салдары мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр