$ 541.45  631.17  6.78

Перизат Қайрат соттағы соңғы сөзін айтты

Үкім бүгін, 25 шілдеде 15:00 де шығады. 

Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин
Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот жабық отырыспен аяқталды — айыпталушылардың соңғы сөзін БАҚ өкілдері тыңдай алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкім бүгін, 25 шілдеде шығуы тиіс. Прокуратура Қайратқа 10 жыл, Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Қорғаушы тарап олардың кінәсіз екенін айтып, мұны дәлелдейтін айғақтар ұсынатынын жеткізді.

Оларға мүгедектігі бар балаларға, Таяу Шығыста зардап шеккендер мен Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге көмек жинауға байланысты айып тағылған.

Аса ірі көлемде алаяқтық пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 65
Ұнамайды 30
Күлкілі 19
Ашулы 22

Серіктес жаңалықтары