$ 544.87  639.02  6.88

Мешіттегі сақалды ер адам блогерге бір түнге некелесуді ұсынған (ВИДЕО)

Наурызбаева бұл жағдайды видеоға түсіріп, кейін Instagram парақшасында жариялады.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Актөбелік блогер Эммануэлла Наурызбаева “Нұрғасыр” мешітінде ер адамның тарапынан оғаш ұсыныс естігенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгісіз ер адам оған шариғат атымен жамылып, “бір түнге некелесейік, жақын қарым-қатынас болсын” деген мазмұнда ұсыныс жасаған.

Наурызбаева бұл жағдайды видеоға түсіріп, кейін Instagram парақшасында жариялады. Кадрда есікке сүйеніп тұрған ер адамның қыздың “келісім бермегеніне” ашуланған сәті көрінеді.

Блогер бұл туралы мешіт әкімшілігіне және құзырлы органдарға хабарлаған. Кейін ер адамның психикалық есепте тұрғаны анықталған.

“Мүмкін, Алла мені осы жағдай арқылы басқаларға ескерту жасау үшін таңдаған болар”, — деп жазды Наурызбаева.

Оның сөзінше, әлгі ер адамның ақыл-есінде кемшілік бар және ол арнайы есепте тұрғандықтан, заң алдында жауапқа тартылмайды.

“Сол себепті ондай адамдардан сақ болыңыздар. Алла оның жүрегін де, ойын да емдесін”, — деді блогер.

Блогер бұл видеоны жариялауға имаммен кеңескен соң шешім қабылдағанын айтып, жазбасын басқаларға сабақ болсын деген ниетпен жариялаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 20

Серіктес жаңалықтары