$ 544.87  639.02  6.88

Елде адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтар әшкере болды

Олар күн сайын 1,5 млн теңге табыс тапқан.

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасымен айналысқан екі қылмыстық топ анықталды. Тергеу барысында күдіктілер интернет арқылы жезөкшелікпен айналысуға әйелдерді тартқан және жарнамалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтардың күн сайынғы табысы 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Ал 2024 жылдың басынан бері жалпы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер мен телефондар және өзге де цифрлық құрылғыларды тәркіледі.

Негізгі күдіктілер мен олардың сыбайластары қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің адам саудасы және ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары