Полиция мәліметінше, оқиға сенбі күні Медеу ауданында болған.
Полиция мәліметінше, оқиға сенбі күні Медеу ауданында болған. Тәртіп сақшылары масаң күйінде жүрген кәмелетке толмаған 5 жасөспірімді анықтап, оларға дереу медициналық көмек көрсетілген.
Қоғамдық орында мас күйінде жүру және ата-ана ретінде міндеттерін орындамау деректері бойынша жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің қалай алкоголь тұтынғаны, кіммен бірге болғаны және спирттік ішімдікті қайдан алғаны анықталып жатыр, — деді департаментте.
Бейнежазбаға Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан пікір білдірді. Оның айтуынша, екі бала алкогольді улану белгілерімен Балалар қалалық клиникалық ауруханасына жіберілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған факт полиция басқармасында тіркелген. Жиналған материалдар жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданатын болады. Екі жасөспірім Алматы облысының тұрғындары, — деді омбудсмен.