Осыған дейін Әйгерім Алтынбек әлемдік беделді опера байқауында жеңімпаз атанғаны хабарланған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!» – деп жазды президент.
Айта кетейік, осыған дейін Әйгерім Алтынбек әлемдік беделді опера байқауында жеңімпаз атанғаны хабарланған болатын.