03.08.2025, 17:30

«Күзетшілер көтеріп алып шыққан»: JLO концертінде төбелес шығарған әйел шендінің жұбайы болып шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

"Концерттен ерекше рахат алдым".

Астанадағы Дженнифер Лопестің концертінде стадионда адамдар көп жиналғаннан қысым болып, бір секторда әйелдер арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең белсенді қатысушыны күзетшілер қолмен көтеріп алып шыққан еді.

Телеграм арнасы журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күзетшілер көтеріп алып шыққан әйел Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Думан Қожахметовтың жұбайы болып шықты. Ол Vip-zona бөлігінде тұрған өзі секілді қонақтарға кедергі келтіріп, артынша бірнеше әйелдің арасынша жалжалға ұласқан. Төбелес шығарушыны күзетшілер көтеріп алып шыққан.

Зарина есімді әйел бес баланың анасы. Әйел Instagram желісінде концерттен алған әсерімен бөлісіп, "Концерттен ерекше рахат алдым" деп жазыпты.