$ 543.24  619.89  6.78

«Үш қорап кафель бересің»: Түркістан облысында жол полициясының әрекеті елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

Жүргізушінің сөзінше, полиция қызметкері оны тоқтатып, көліктегі кафельді беруді талап еткен.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде полицейдің тауар тиеп келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісіне сес көрсеткені туралы айтылған видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жүргізушінің сөзінше, полиция қызметкері оны тоқтатып, көліктегі кафельді беруді талап еткен. Оған көнбеген соң, көлікті айыптұраққа қойып тастаған.

«Маған үш қарап кафель бересің деді. Қазір нөмірімді шешіп алды. Еуропадан 30 тонна кафель алып келе жатырмын. Біздің елден басқасы тиіспеді. Біреудің сеніп тапсырған 3 қорап кафелін ұрлауым керек па? 100 мың теңгелік. Келіспеген соң айып тұраққа салды»,- делінген видеода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары