04.08.2025, 11:20

Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

Қазір бұл фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Акмола облысында тағы бір адам шошырлық жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

3 тамызда Астана – Петропавл тасжолында жүргізушінің қарсы бағытқа шығып кетуі салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, көлік қарсы жолаққа шығып, келе жатқан көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

"Салдарынан екінші көліктегі жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Ал қарсы жолаққа шыққан көліктегі бес адамның бәрі ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұл – апта басынан бергі екінші ірі апат. Бұған дейін Қарағанды облысында мотоцикл жүргізушісі полиция көлігімен соқтығысып, сол жерде жан тапсырған.