$ 541.82  627.1  6.78

Вазаның ішіне миллиондар тыққан: Көлік вице-министрінің ұсталғаны расталды (ВИДЕО)

Бұл жайт қоғамда қызу талқыға түсті.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Көлік министрінің орынбасарының ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресми мәліметте күдіктінің аты-жөні аталмағанымен, дереккөздер бұл Сатжан Аблалиев екенін алға тартады. Оған пара алды деген айып тағылып отыр. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу аясында ҰҚК тінту сәтінен видеоны жариялады. Кадрлардан вице-министрдің ірі көлемдегі ақшаны вазаға жасырып қойғанын көруге болады.

Бұл жайт қоғамда қызу талқыға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары