$ 541.82  627.1  6.78

5 тамыз күні Үкімет отырысы өтеді

Баспасөз конференциясының тікелей көрсетілімі YouTube ресми арнасынан және Facebook әлеуметтік желісінен таратылады. 

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Сейсенбі, 5 тамыз күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күн тәртібі:

сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму болашағы;

ана мен бала өлімін азайту бағытында қабылданып жатқан шаралар.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев,

- цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун қатысады.

Үкімет отырысын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube-тегі ресми арнадан, Facebook әлеуметтік желісінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көруге болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей көрсетілімі YouTube ресми арнасынан және Facebook әлеуметтік желісінен таратылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары