04.08.2025, 23:30

Тимур Құлыбаев құны 250 миллион теңге тұратын тағы бір жер телімінен айырылды

Фото: Sara-shy.info

Олигархтың компаниясы бұл жерді пирс салу үшін алғанымен, жоба іске аспаған.

Тимур Құлыбаев құны 250 миллион теңге тұратын тағы бір жер телімінен айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тимур Құлыбаев басқаратын "Кипрос" ЖШС-нің Атыраудағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады өңірлік прокуратура.

Олигархтың компаниясы бұл жерді пирс салу үшін алғанымен, жоба іске аспаған. Аумағы 3,46 гектарды құрайтын жер телімінің құны 250 миллион теңгеге бағаланған.

"Қадағалау актілері негізінде мемлекет меншігіне жалпы аумағы 31 432 гектарды құрайтын, құны 196 миллион теңге болатын 16 игерілмеген жер телімі қайтарылды", – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.