$ 539.49  627.7  6.75

Талғат Мұсабаевтың қашан, қайда жерленетіні белгілі болды

Еске сала кетейік, қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев 75 жасында өмірден өтті.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі ертең, 6 тамызда өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыдағы «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы хабарлағандай, Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамыз күні таңертең сағат 09:00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді. Осыдан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады. Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 75 жасында өмірден өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары