05.08.2025, 13:10

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда ажырасу рәсімі жеңілдейді

Фото: gov.kz

Жаңа ережелер кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға да қатысты қолданылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді кейбір жағдайларда некені бір тараптың өтініші бойынша бұзуға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл мүмкіндік мынадай жағдайларда қарастырылған:

егер екінші жұбай сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылса; әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылса; кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса; сондай-ақ егер жұбайлардың бірі халықаралық іздеуде үш жылдан астам уақыт болса.

Жаңа ережелер кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға да қатысты қолданылады.

Тегтер: ажырасу заң