"Концертті тоқтатыңыздар".
Журналист, тележүргізуші Сауле Әбілдаханқызы Facebook парақшасында депутаттарға үндеу жасап, әншінің концертін өткізбеуді сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол концерттің өтетін күні ұлттық құндылықтарға сай келмейтінін алға тартты.
«10 тамыз — ұлы Абайдың туған күні. Мұндай күні бұқаралық ойын-сауық шараларын, әсіресе ЛГБТ қауымдастығын ашық қолдайтын әртістердің қатысуымен өткізуді қазақ мәдениетіне құрметсіздік деп санаймын. Концертті тоқтатыңыздар!», — деп жазды белсенді.