$ 539.38  629.46  6.76

«Алматыдағы жаппай төбелес»: Полицияның өзі таяқ жеп қалды (ВИДЕО)

Оқиға сәті куәгерлердің телефонына түсіп, әлеуметтік желіде кең таралды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы “Театралка” маңында екі топтың жігіттері арасында дау туындап, арты жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпара порталы.

Оқиға сәті куәгерлердің телефонына түсіп, әлеуметтік желіде кең таралды.

Алдын ала мәлімет бойынша, демалуға келген азаматтар арасында кикілжің шығып, сөзге келіспеушілік жаға жыртысуға ұласқан. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері төбелесті тоқтатуға тырысқанымен, ашуға мінген бұзақылар тәртіп сақшыларына да жұдырық ала жүгірген.

Қалалық полиция департаменті мәлімдегендей, төбелеске қатысқан барлық азаматтар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары