$ 539.38  629.46  6.76

«Терезе жақтауына шығып кеткен»: Қосшыда бала ажал аузынан аман қалды (ВИДЕО)

Куәгерлер бұл қауіпті жағдайды байқап, бірден төтенше қызметтерге хабар берген.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысы, Қосшы қаласында кішкентай бала көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы ашық терезенің ернеуіне шығып отырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлер бұл қауіпті жағдайды байқап, бірден төтенше қызметтерге хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері баланы аман-есен пәтерге кіргізіп үлгерген.

Полиция департаментінің хабарлауынша, баланың денсаулығына қауіп жоқ. Құқық қорғау органдары ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, әсіресе жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен терезелерге мұқият болу керектігін ескерткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 3
Күлкілі 4
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары